AMANAT партиясының жаңа саяси тұғырнамасы қоғамдық талқыға түседі

«Аманат» партиясы жаңа саяси тұғырнамасының жобасын қоғамдық талқылауға шығарады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжат партияның сайты мен әлеуметтік желіге орналастырылады. Бұл әрбір қазақстандыққа өз ойын ашық айтып ұсыныс енгізуге мүмкіндік береді. Бұл жөнінде «Аманат» төрағасы Ерлан Қошановтың қатысумен өткен кеңес кезінде белгілі болды. Құжатты жаңарту кезінде тек «халық үніне құлақ асатын партия» форматы негізге алынады. Сонымен қатар еркін пікір алмасып кең көлемде саяси диалог қамтамасыз етілмек. Бұл жұмыстарға партияның барлық филиалдары, Мәжілістегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы фракциялар тартылады. Саяси тұғырнаманың қорытынды жобасын биыл күзде республикалық партия конференциясында талқылау жоспарда.