Павлодарда қарияға жаңа көлік алып береді

Павлодарда жол апатына түскен қарияның «Запорожец» көлігіне сүйеніп тұрған видеосы  әлеуметтік желіде кеңінен тарады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бейнежазбадан ұзақ жыл көлік тізгіндеген тәжірбиелі жүргізушінің қатты қапаланып тұрғанын көруге болады. Сонан жағдай оқырмандар арасында қызу талқыға түсті. Тұрғындар бір ауыздан оған көмек беруді ұйғарып, ақша жинай бастаған.  Запорожец көлігінің иесі Ефим Никитичке бір азамат жаңа көлік сыйлайтынын да айтты.  Қария  басынан өткен жағдай туралы сұхбат беруден бас тартты. Жол-көлік оқиғасын  полиция департаменті тіркеуге алған. 

Жанна Белялова, облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі:

- Павлодар қаласында Мәшһүр Жүсіп – Луначарский көшелерінің қиылысында «ЗАЗ» және «Тойота» маркалы көліктер соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ЗАЗ» көлігінде отырған жолаушы медициналық көмекке жүгінді. Оқиғаға қатысты сараптама тағайындалды.