Елде алма өнімділігі артады

Ауылшаруашылығы министрлігі жеміс-жидек пен көкөністі сырттан тасымалдауды азайтпақ. Мамандардың айтуынша, алма бағының алқабын көбейтетін инвестициялық жобалар жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәстүрлі бағбандықтан гөрі заманауи әдістерге көңіл бөлінеді. Бұл дегеніміз алма өнімділігі 5 есе артады. Яғни 2025 жылға қарай шаруалар бұрынғыдай 7 тонна емес, 30 тоннаға дейін өнім алады. Алдағы үш жылда көкеніс қоймаларының да саны артпақ.

Азат Сұлтанов, ҚР АШМ егіншілік департаментінің директоры:

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ірі көкөніс қоймаларын салуға кәсіпкерлерді барынша ынталандырып жатырмыз. Осылайша, қоймада сақталған өнімдер ішкі нарыққа дер кезінде шығарылып, маусымаралық кезеңді де жауып отырады. Ал асқан өнімді экспортқа шығарамыз.