loader

Енді жанармай алғанда құжат тексеріледі

Енді жанармай алғанда құжат тексеріледі

Елдегі жанар-жағармай құю бекеттерінің бәрі қатаң бақыланады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол жерден бір күнде қанша литр мұнай өнімі кетті, ол қаншадан сатылды, міне, осының бәрі жіті қадағаланады. Ол үшін энергетика министрлігі қыркүйектің 15-не дейін арнайы платформаны іске қосады. Жанар-жағармай құю станциялары сол порталға енгізіледі. Әйтпесе, елде сұйық отын тапшы болып кетті. Министр Болат Ақшолақов «мәселені екі-үш күнде реттейміз» деді. Туындаған тапшылықты жою мақсатында мұнай өңдеу зауытының әрқайсына қосымша 100-ден аса вагон беріледі. Ведомство басшысының сөзінше, жанар-жағармай жеткілікті, бар қиындық логистикада. Мұнай өнімі сыртқа шығарылмайды. Барлығы ішкі нарыққа кетеді. Жеңіл көлік тізгіндегендер бір күнде 100 литр, ауыр көлік иелері 300 литрге дейін дизель ала алады. Оның литрі өңірге байланысты 230-260 теңгеден сатылады. Ол үшін азаматтар жанар-жағармай құю бекетіне барғанда жүргізуші куәлігі мен көліктің техникалық құжатын көрсетуге тиіс. Бұдан бөлек, министр Ақшолақов Каспий құбыр консорциумы хақында айтты. «Бұл негізгі бағыт болып қала береді» деді.  

Сондай-ақ...