Қарағанды облысында жасөспірімдер арасында қылмыс көбейген

Қарағанды облысында жасөспірімдер ісі жөніндегі учаскелік инспектор тапшы.

Өңірде 500-ден астам мектеп болса ювеналды полиция өкілінің саны 150-ден сәл асады. Бір қызметкер бірнеше  мектептегі тәртіпті бақылап отыруға міндетті. Оларға арасында учаскелік инспекторлар көмек көрсетеді екен. Бұл туралы Қарағанды облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі мәлімдеді. Қазір олар білім басқармаларымен бірлесіп, оқу жылына дайындық жұмыстарын пысықтап жатыр. Себебі соңғы уақытта жасөспірімдер арасында қылмыстың көбейгені байқалады. 

Факизат Тултаева, облыстық ПД Ерекше тапсырамалар жөніндегі аға инспекторы:

– Қазіргі уақытта карантин кезінде бізде қылмыстардың көбі қысқарған болатын. Енді қазір карантин шектеуін алынуына байланысты, сонымен қатар бұрынғы 3 жылғы көрсеткішке байланысты бізде қылмыстық іс жоғарлап отыр ол 32,7% құрайды. Ондай қазір көбейіп жатыр, қылмыс жасағанның көбісі ішімдік ішу барысында жасалып жатыр.