Тарбағатайлықтар ауданның өз еншісін алғанына қуанышты

Шығыстағы шекара шебіндегі бес ауданның бірі Тарбағатай. Осыдан 25 жыл бұрын бұл өңірдің Ақсуат ауданымен біріктірілуі  аса бір нәтиже бере қойған жоқ,- дейді мұндағы жергілікті жұрт, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жексенбі Қабдолдин – Маңырақ  ауылының тұрғыны. Айтуынша, Тарбағатай өз алдына бөлек аудан болып тұрған кезде 38 мың адам болған екен. Ендігі көрсеткіш қорқынышты – 19 мыңға әрең жетеді. Сондықтан қария туған өлкесінің еншісін алып, жеке аудан болғанына қуанышты.

Жексенбі Қабдолдин, Маңырақ ауылының тұрғыны:

- Төмендеп қалған ауылдарға көмек жасаса, шекарада тұрғандықтан, соларды тұрақтандыру жөнінде Үкімет жағынан көмек бола ма, қайтарымсыз крдиет берілсе, дәрігерлер жетіспейді, мұғалімдер де жетіспей жатыр, соларға үй салса деген.

Кадр мәселесі кезек күттірмейді.Сондықтан аудан басшылығы  ең алдымен жас мамандардың өлкеге оралуына ден қойып отыр. Әйгерім Әбішева дәрігер-рентгенолог. Жолдасы да медицна саласында.Қазір Ақжарға келіп, «бірқабатты шығыс» бағдарламасымен баспана алып, қызмет істеуде.

Әйгерім Әбішева, Ақжар ауылдық ауруханасының рентгенолог-дәрігері:

Қазір осында келіп, ауылдың медицинасын көтеріп, жолдасым осы ауылдың тумасы болғандықтан өз еліне келіп еңбек етіп, мен де бір жағынан келіндік міндетімді атқарып, осы жердің тұрғындарының денсаулығын жақсарту,а үлесімді қосып жатырмын.

Тарбағатайда түгесілмеген мәселе жетерлік,- дейді ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Бектаев.  Мәселен, аудан орталығы статусын  алған Ақжардың өзінде кәріз желісі іске қосылмаған. Жылдам интернет желісіне де жарымай отыр. Бірнеше ауылда мәдени орындар жоқтың қасы.

Серік Бектаев,Тарбағатай ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Кәріз жүйесі соны іске қосып берсе,содан кейін интернет жылдам желідегі интернет өте нашар, одан соң ауылдағы мәдениет үйлері мен кітапханаларды жөндеу.

Ақсақал Зайсан көлі арқылы ежелгі су жолын қайта жандандыру маңызды дейді. Айтуынша,бұл осындағы халықты аз да болсын қымбатшылықтан құтқарады. Қазір ауылдарға көмірдің тоннасы 25 мың теңгеден сатылады,ал су жолы ашылса қара отын біршама арзан тиер еді.Сонымен қатар аудан  ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуге және экспорттауға басымдылық бермек. Өлке экономикасын  өрлетудің  бір жолы ретінде қазба байлықтарын игеру де қарастырылған.

Дархан Жөргекбаев, Тарбағатай ауданының әкімі:

Осы жердегі қазба байлығы көлемі қанша қалды,солардың бәрін  есептеп стратегиялық инвестиция  шақырып, экспорттық потенцилымызды өсіремізщ деп ойлаймыз.

Биыл ауданда перзентханалар мен мектеп ғимараттары жөндеуден өтіп жатыр. Жалпы инфрақұрылымдық жобалар үшін 1 миллард теңгеге жуық қаражат бөлінді. Ал келер жылы бюджеттен 5 миллиард теңге бөлінеді деп жоспарланды. Бұл кәріз жүйесін тарту, спорттық кешен салу сынды біршама ірі шаруаларға жұмсалады.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов