UMAI ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

4 бағыт бойынша 19 номинация қарастырылған бәйгенің жүлде қоры 54 млн теңге. Ұлттық конкурсқа театр, музыкалық-орындаушылар, хореография өнері; бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер иелері қатыса алады. Конкурстық іріктеуді жүргізу және сыйлық лауреаттарын айқындау үшін төрт номинацияның әрқайсысында 3 тәуелсіз сарапшы бар. 12 адамнан құралған сараптамалық комиссия жұмыс істейді. Өтінімдер 9 желтоқсанға дейін қабылданады.