МӘМС жүйесі жұртшылықтың көңілінен шықпай тұр

Халық арасында медициналық қызмет көрсету сапасына көңілі толмайтындар көп. Жыл басынан бері осындай 2,8 мың шағым түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тексеру барысында оның 30 проценттен астамы әділ сын болғаны анықталды. Арыз-шағымның 80%-інде медицина қызметкерлерінің дұрыс коммуникация құра алмайтыны айтылған. Азаматтардың Call-орталықтарға хабарласуы да жиіледі. Биыл келіп түскен 400 мыңнан аса хабарламаның 11 мыңынан МӘМС аясында қызмет көрсету ақсап тұрғанын байқауға болады.

Жандос Бүркітбаев, денсаулық сақтау вице-министрі:

– Осы шағымдарды азайтып, сапаны арттыру үшін кешенді шараларды қолға алдық. Оның негізінде медициналық сақтандыру қоры мониторнингті басқа жүргізуі керек. Нақты тапсырма бар. Аккредиттелген ұйымдар санын арттырамыз. Кадр құрамын жетілдіреміз. Ең бастысы, атқарылған жұмыстар бойынша медициналық ұйым басшылары халыққа есеп беруі керек.