Сарбаздарымыз туыстарымен видеобайланыс арқылы сөйлесетін болды

Қазақстан әскеріндегі сарбаздар енді отбасын сағынып сары уайымға салынбайды. Олар әр аптаның сенбісі мен жексенбісінде туған туыстарымен бейнебайланыс арқылы сөйлесе алды. Армияға осындай жаңашылдық енгізілді.

Алғашқы тәжірибе елорданің іргесіндегі 65668 әскери бөлімінде өтті. 

Жаттығу алаңындағы сұсты сарбаздар... Білекті жауынгер! Десек те ата-ананың алдында бәрінің жүзі жадырап, сағыныштарын жасыра алмады. 

Бүгін 68де 665 әскери бөлімінің сарбаздары бейне байланыс арқылы ет жақындарымен жүздесті. Туған-туыстың халін сұрап, өз жағдайларын айтты. Бірі анасын, бірі әкесін көріп мәз. Әскерде жүріп, ағасының тойына бара алмаған Аленов Диас бүгін телемост арқылы жеңгесін көрді. 

Диас Аленов, ҚР ҚМ 68665 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері:

- Осыған дейн үйдегілермен тек жетісіне екі рет бір сағат сөйлесетінмін. Келесіде видеозвонокпен сөйлесем. Бүгінгі болып отырған бағдарламада бауыр, қарындастарымыды ата-анамды көрдім. Жеңгемді көрдім бірінші рет. Туған бөле қарындастарымды көрдім. Өте қуаныштымын.

Станислав Иванов, ҚР ҚМ 68665 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері:

- Ата-анаммен көптен бері көріспеген едік. Жаңа дін аман екенімді көз жеткізіп қуанып қалды. Телефонмен сөйлескенде үнемі алаңдайды. Мұнда ұрып соғады деп ойлайды. Негізі әскерде бәрі жақсы. Маған ұнады. Келгеніме өкінбеймін.

Жаңашылдық республикадағы барлық әскери бөлімге енгізіледі. Аптасына екі күн бір сағатттан уақыт беріледі. Бүгін  50 дей сарбаз казармадағы өмірден тыс тіршілікті сезінді. Ата-ана да баласының бас амандығына көз жеткізіп, көңілі тоқ жүреді дейді ұйымдастырушылар.

Талғат Құрманов, 68 ТЕ 665 әскери бөлімі командирінің тәрби ісі және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары:

- Ақпараттық тәрбие жұмыстары бөлмесі бар. Сол бөлмеде осындай іс шара үнемі ұйымдастырылады. Алдын ала бекітілген уақыт бар. Сол уақытта ата аналарына хабар беріледі. Сол уақытта қосылып, өздерінің балаларына қоңырау шалуға мүмкіндік бар. Бүгін біз алғаш рет барлық ата-аналарға түсіндіру мақсатында жалпы экранға шығарамыз барлығын. Алдағы уақытта бәрі жеке-жеке өздерінің ата-аналарымен сөйлеседі.

Қазір технология заманы. Қолға қаламсап алып,  хат жазу енді ескі әдіс. Сондықтан әскерилер де заман талабына, адам қалауына сай бейімделіп жатырмыз дейді. 

Талғатбек Әбдіқожа