Қарағандыдағы 8 кен орнының қазіргі күні алтауы толық қуатта жұмыс істеп тұр

Қарағандыдағы 8 кен орнының қазіргі күні алтауы толық қуатта жұмыс істеп тұр

Қарағандының ең ірі комбинатына тиесілі 8 шахтаның әр-бірі жылына 1 млн тоннаға жуық көмір өндіреді. Қара алтын өндіру – қара термен ғана келетінін кеншілер жақсы біледі. Бүгін кәсіби мереке қарсаңында жер астындағы жұмыстың бір легі ғана халыққа паш етіп көрсетіліп отыр. Мысалы Сапар Омаровтың жанұясы нағыз кеншілер династиясы деуге келеді.

Сапар Омаров, Саран шахтасының кеншісі:

- Міне өздеріңіз көрдіңіздер, қиындығы осы. Бірақ жердің астында дымда көрінбейді. Лампа болмаса міне. Былай істеуге болады. Әкем істеді, ағаларым істеді, өзім де істеп жатырмын. Қорықпау керек, көп сөйлемеу керек болды, жұмыс істеп, еңбекқор болу керек.

Сабина Омарова, Қарағанды облысының тұрғыны:

- Әкемнің жұмысы өте қауіпті. Қатты шаршайтын кездері болады. Бірақ бізге білдіре бермейді. Ең бастысы оның жұмысы отбасына да, отанға да қажет. Әкем батыр ретінде соны жақсы ұғынады. Жұмысқа кеткен сайын біз алаңдап отырамыз.

Жалпы комбинат өкілдері алдағы уақытта 8 кен орыны толыққанды жұмыс істейтін болады деп отыр. Бұл мақсатқа 20 жылдық жоспарда құрылған. Бұл әр кен орнының жыл сайынғы жоспары да азаймайды деген сөз. Қазір көп жерде тау-кен геологиялық жұмыстар жүріп жатыр.

Арман Халықов, комбинаттың көмір департаментінің басшысы:

- Қазір 8 шахтаның 6-сы істейді. Октябрь айында Абай шахтасы да қосылады. Тентек шахтасы қазір жұмыс істемейді. Қазір жаңа оқпан салынып жатыр, Тектек шахтасы жұмысқа 2024-ші жылы қосылады.

Атап өткен жөн, Қарағандыдағы 8 кен орнының қазіргі күні 6-сы толық қуатта жұмыс істеп тұр. Биылғы мақсат кемі 8 млн тонна қара алтын өндіру. Елдегі ең ірі комбинаттың кен орындарында 14 мыңға жуық кенші тынымысыз еңбек етіп келеді.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар