Қарағандыда отбасылық тимбилдинг өтті

Әйелдер жамағаты арасындағы мұндай ойын-сауық бүгін ашық аспан мен табиғат аясында өтіп жатыр. Ойын болса да орамды ойлар мен өзекті сауалдардың жауабы табылады. Мамандар шараның басты мақсатыда осы екенін айтады.

Манар Мұсабекова, көпбалалы ана:

- Көп балалы ана ретінде үйде отыра бермей балалармен басқа да аналармен қосылып осылай таза ауада  демалғанды әлбетте ұнтамыз. Әсіресе, бұл жерге келген кезде біз спроттық әр түрлі ойындар болады, психологтармен әр түрлі ойындар болады, сұрақтарға жауап беру деген сияқты. Мысалы үшін бүгін түрлі мамандар келеді, дәрігерлер. Бір жолы терапевттер келсе, бұл жолы басқа мамандар келеді деген сияқты.

Мұндай жиын отбасылық құндылықтарды сақтай отырып, ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға да септігін тигізеді. Сондықтанд конфессияаралық қатынастар проблемаларын зерттеу және талдау орталығы соңғы уақытта осындай тимбилдингтерді жиі өткізетін болған.

Индира Беркембаев, психолог:

- Мұсылман дінін ұстанушы дінге бет бұрған әйелдер мен олар тәрбиелеп жатқан балаларды зайырлық қоғамға бейімдеудің әдіс-тәсілдері және бұл жердегі жұмыстың негізгі мақсаты – зайырлы  қоғам мен діннің арасындағы ешқандай қақтығыстар мен қарамақайшылықтардың жоқ екенін үндестікте, жаттығулар түрінде, әңгімелесу, сұхбаттасу түрінде көрсетудеміз.

Әйелдер қауымының басым бөлігі дін заңдылықтарын сақтай отырып, қазіргі заманға да сай болғысы келетіндерін айтады. Ал, теолог мамандар болса оған шариғат бойынша еш кедергі жоқ деп отыр. Себебі ислам діні қашанда ізгілік пен татулықты насихаттайды.

Авторлары: Дәуренбек Бағдаулетұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар