Астық экспортына шектеу болмауы тиіс – АШМ

Қыркүйек айында Қазақстан астығы мен ұн шетел нарығына шыққаны жөн. Ауыл шаруашылығы министрілігі сыртқы сауда саясаты жөніндегі ведомствоаралық комииссияға бидай мен ұн тасымалын шектеуді алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ұсыныс келесі аптада өтетін комииссия отырысында қаралады. Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, елде қырқүйектің 30-на дейін тек 550 мың тонна бидай мен 370 мың тонна ұнды сыртқа шығаруға ғана квота берілген. Бұл қажеттіліктен туындаған жайт. Өйткені халықаралық жағдай шиеленіскен тұста ішкі нарықта азық-түлік дағдарысы болмауы үшін осындай шектеу қойылған. Оның сыртында биылғы астықтың түсімі қандай шамада болатынын да белгісіз еді. Ал биыл 13 млн тоннадай астық жиналатын түрі бар. Бұл былтырғы межеден артық. Сонымен қоса былтырдан қалғаны да бар. Сол себепті министр енді диқандардың бидай мен ұнды сыртқа сатуын шектегеніміз жөн емес дейді.