Еліміздің әскери қызметшілері марапатталды

Қорғаныс министрі Қарулы күштердің жеке құрамын Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салтанатты жиында генерал-полковник Руслан Жақсылықов қарулы күштердің ардагерлерін, әскери қызметшілерді және азаматтық персоналын марапаттады. Қорғаныс министрі әскерилерді мемлекеттік мерекемен құттықтап, конституция қоғамдық дамудың демократиялық қағидаттарының кепілі екенін атап өтті.