Каспий итбалығын сақтап қалу үшін үш резерват құрылады

Каспий итбалықтарын сақтап қалу үшін республикалық маңызы бар 3 резерват құрылады.

Қазіргі уақытта экология министрлігі тиісті жұмыстарды қолға алды.

Мамандардың айтуынша, Түпқараған түбегінің солтүстік жағалауында зерттеулер жасалған. Нәтижесінде үлкен көлемде теңізден браконьерлік торлар мен тұрмыстық қатты қалдықтар табылып отыр. Қоқыстар теңіз сүтқоректілерінің қырылуына себеп болуы мүмкін. Осы ретте 20 қыркүйекке дейін итбалық аралдарын тазарту жұмыстары жүргізіледі. Каспий теңізінің мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу институты филиалының кешенді бағдарламасын әзірлеуге облыс бюджетінен 40 млн теңге бөлінді. Былтыр Маңғыстауда экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған Жол картасы әзірленген еді. Оның аясында Кендірлі, Комсомольский және Прорва аумағында мемлекеттік табиғи қорық құру жоспарланған.