Өнер саласындағы оқытушылардың жалақысы өсті

Өнер саласындағы оқытушылардың жалақысы өсті

Жоғары оқу орындарындағы профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысы өсті. Бұл жолы мәдениет және өнер саласындағы ұстаздарға басымдық берілген. Бұл туралы бүгін Мәдениет комитетінің төрағасы Роза Кәрібжанова айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір 13-тен 16 жылға дейін еңбек өтілі бар профессор 267 мың төңірегінде жалақы алса, енді 435 мың теңгеге дейін өсті. Осындай еңбек өтілі бар доценттер бұрын 243 мың теңге алса, енді 395 мың теңге алады. Мұнымен қоса, оқытушылар еңбек ақысы 210 мыңнан, 342 711 теңгеге дейін көтерілді. «Жағымды өзгерістер мәдениет саласының одан әрі өркендеуіне өз септігін тигізе отырып, өнер шыңында жаңа жетістіктерге жетуде мұрындық боларына кәміл сенеміз», – деді Роза Кәрібжанова.