Елімізде 42 мың балаға қолдау көрсетілді 

«Баланы мектепке даярлайық!» қайырымдылық акциясы барысында 42 мың оқушыға қолдау көрсетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәстүрлі шара кезінде балаларға рюкзак, мектеп формасы мен кеңсе заттары үлестірілді. Олардың барлығы көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан жеткіншектер. Жалпы республикалық шара «Аманат» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында жүзеге асты. Оған партияның барлық деңгейдегі қызметкерлері, партия депутаттары мен мүшелері ат салысты. Акция мұқтаж отбасына жәрдем беріп, балаларды жаңа оқу жылына даярлауға бағытталған.

Айта кету керек, бұл шара осымен 12-ші жыл қатарынан өткізіліп отыр.

Гүлнәр Сейтомар, көп балалы ана:

– Мен осы «Аманат» партиясына жүгінген болатынмын көмек сұрап. Осылай көмектесіп жатыр бізге қамқор көрсетіп. Көмектесті, міне, қолдарынан келгенше. Рахмет!

Нұржамал Сәрсенғалиева, Атырау қаласының тұрғыны:

Бізге 20 мыңдық сертификат берді. Біз өте қуаныштымыз. Құрал-жабдықтарын бергеннен осы сертификатпен бала өзі таңдап, керегін алып. Балалар әлемінде қызықтап жүрсе. Баланың қуанышы біз үшін мәртебе.