Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары қатаң қадағаланады – ІІМ

Полиция мектептер мен іргелес аумақтарды патрульдеп, бала тасымалдаушы компаниялардың лицензияларын жаппай тексеріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жол белгілері, бағдаршам, жылдамдықты бақылау бағытында рейдтер ұйымдастырылған. Бұл туралы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты. Қазіргі таңда білім ошақтарын бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау аяқталып, жедел басқару орталығына қосу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар оқу орындарын күзетумен айналысатын ұйымдарға да талап қатаңдатылады.

Марат Ахметжанов, ҚР ішкі істер министрі:

Көп нәрсе мектеп директорлары мен мұғалімдерге де байланысты. Кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қарсы жасалған заңсыз іс әрекеттер туралы полицияға дереу хабарлау міндеті педагогттерге жүктелген. Бұл талапты орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Сонымен қатар кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық сипатта жасалған қылмысты жасырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді.