Қызылорданың тұрақтандыру қорында азық-түлік бұзылып кеткен

Былтыр Қызылорда облысында тұрақтандыру қорындағы 200 тоннадан астам пияз, 44 тонна сәбіз бен 6 тонна қырыққабат тұтынуға жарамсыз болып қалған.

Себебі, сақтау талаптары өрескел бұзылған. Сөйтіп, әлеуметтік маңызы бар агроөнімдер дүкен сөресіне дейін жетпеген. Одан бөлек әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының азық-түлік тауарларын нарық бағамынан жоғары бағада сатып алғаны әшкереленді. Карантин кезінде картоп пен сәбіз 39 миллион теңге қымбат алыныпты. Тиімсіз жобаларды қаржыландырған «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы бизнесті дамытуға бағыттаған 3 миллиард теңгесін қайтара алмай отыр. Бұл бағытта несие төлеуші кәсіпкерлерге қатысты 150 іс сотқа жолданды. Жалпы тұрақтандыру қорының соңғы 3 жылдық қызметіне талдау жүргізген жұмысшы топ,,, мекеме басшылығының бос лауазымдарға мамандарды іріктеу тәртібін де дұрыс ұйымдастырмағанын анықтады.      

Нұржан Оспанов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің өкілі:

- Біз сыбайлас жемқорлыққа әкелуі мүмкін деген 20-дан аса ұсынымдар бердік. Соның алдын-алу және жою бойынша ұсыным бердік.

Ғабит Тобажанов, "Байқоңыр" ӘКК өкілі:

- Соның 14-15 орындадық. Қалғаны уақыт талабына сай орындалатын дүние. Келісім-шарттарға өзгеріс енгізу, қызметкерлердің функционалдық міндеттерін ауыстыру, сотқа беретін талап-арыздарды беру, бақылауды күшейту, GPS камера орнату оған шамалы қаражат керек.