Ақмола облысында 400 млн данадан астам тауық жұмыртқасы өндірілген

Бұл аймақ тұрғындарының қажеттілігінен 4 есеге көп. Бұған мемлекеттік көмек сеп болған. Естеріңізде болса, биыл жазға таяу құс фабрикалары, «халіміз мүшкіл» - деп дабыл қаққан болатын. Оған жемнің күрт қымбаттауы мен субсидияның жойылуы түрткі болған еді.

Ал, қазір олар, жағдай тұрақталды, - деп отыр. Себебі субсидия оралып, арзан жем табылған. Мәселен облыстағы жұмыртқа өндіретін кәсіпорындарға Үкіметтен 1 млрд теңгеден астам қаржылай көмек көрсетілген. Одан бөлек мемлекет, 4 жарым мың тонна бидайды нарықтағыдан 25 процентке арзан бағада сатып алуға жағдай жасаған. Осылайша құс фабрикаларының жұмысы қалыпқа келтірілді, - дейді, мамандар.

Қайрат Көшенов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім жетекшісі:

- Одан басқа етті бағыттағы құс фабркиалары жұмыс істеп тұр. Бұл өнім бойынша біздің облыс 1-орында деуге болады республикада. Жаңадан ашылып жатқан құс фабрикалары бар. Сол себептен қазіргі таңда құс еті бойынша, жұмыртқа бойынша да ешқандай алаңдаушылық жоқ. Жұмыс жасап тұр бәрі.