М. Әшімбаев: Сенат белсенді жұмыс істеуге дайын

Жолдауды іске асыру үшін сарапшылар қауымдастығы, қоғамдық институттар және басқа да мүдделес тараптармен бірлесіп жұмыс істеуіміз қажет. Сенаттың жаңа сессиядағы алғашқы отырысында Мәулен Әшімбаев осылай деді. 

Сенат Төрағасы Мәжіліс және Үкіметпен бірге қажетті, сапалы заңдарды уақытылы қабылдаудың маңызы зор екенін айтты.  Сондай-ақ ел Президенті айқындаған міндеттерді іске асыру үшін Парламент Сенаты белсенді жұмыс істеуге дайын деді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

- Парламентке бірқатар заңнамалық міндет жүктелді. Көтерілген мәселелерді іске асыру үшін, алдағы уақытта ауқымджы жұмыстар атқару қажет.  Сенат - белгіленген басымдықтарды заңнамалық тұрғыда қамтамасызщ етуге дайын. Бұл – біздің басты міндетіміз.