loader

БҚО-да  9 мектепке су жаңа автобус бөлінді

Батыс Қазақстан облысында  9 мектепке су жаңа автобус бөлінді  Қараша айында  тағы 45 автобус беріледі. Аймақтағы мектебі жоқ 73 елдімекенде тұратын төрт мыңнан астам бала күн сайын сабаққа автобуспен қатынайды. Оларды  тасымалдап жүрген 68 автобустың көбі ескірген. Оқушылардың күнделікті тасымалын сапалы ұйымдастыру өзекті мәселеге айналған еді. Осы олқылықты жою мақсатында республикалық бюджет есебінен облысқа 54  автобус алынды. 

Луара Батырғалиева,  облыстық Білім  басқармасының бөлім басшысы:

- Лизингпен келген 9 автобус келесі аудандарға табысталады. Ақжайық, Бәйтерек, Қазталов, Сырым және Жаңақала аудандарына. Автобустарды алуға бюджеттен 2 миллиард 799 миллион теңге қарастырылды.

Сондай-ақ...