Ақтөбелік энергетиктер Президент Жолдауын қолдайды

Ақтөбелік энергетиктер мемлекет басшысының жария еткен бастамасы халықтың әл-ауқатын арттырып, отанымыздың қарқынды дамуына серпін беретінін мәлімдеді. Көпшіліктің қалауы айтылған Жолдаудан талай сауалдарға жауап алдық деген жылу электр орталығының қызметкерлері бұл салада да оң өзгерістердің болатынына сенімді. Ал өздері қазір өңірдің энергия тапшылығы мәселесін шешуге үлес қосуда.  

Мемлекет басшысының жаңа Жолдауы «Ақтөбе жылуэлектр орталығы» жұмысшыларына үлкен әсер қалдырды. Әсіресе, адам қапиталын дамытуға қатысты бағыты халықтың тұрмысын жақсартудың кепілі дейді. Бұған дейін де мемлекет басшысының энергетика саласындағы жаңа тарифтік саясатына қолдау білдірген олар, реформаның сәтті жүзеге асуына үлес қоспақ. Ал Жолдаудан туындайтын міндеттер көптің көкейіндегі сауалдың шешімі екенін айтады. 

Тұрар Нұралин, қазандық цехының ауысым басшысы:

- Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа демократиялық бағыттағы өркендеу негізгі белгілерін белгілеп берді. Біз бұл реформаны қолдаймыз. Жастардың білім сапасын арттыру, әйелдердің зейнет жасын төмендету және балаларға арнайы жинақ шоттарын ашу. ҚР Президентінің Жолдауында біз өзімізді толғандырған көптеген сұрақтарға жауап естідік.

Бүгінде мұнда 600-ге жуық адам еңбек етеді. Осындан үш жыл өндірілетін қуат көзін арттыру мақсатында жаңа жобаны іске асыру қолға алынған. Нәтижесінде тағы бір цех салынып, еуропалық «сименс» компаниясының жабдықтары әкелініп қойылды. Енді жыл соңына дейін құрылысты аяқтап, іске қосу көзделіп отыр.

Жасұлан Сағынбаев, жоба жетекшісі:

- Бұйырса, алдымыздағы 1 қаңтарға 2023 жылға іске қосамыз деген ойымыз бар. Сондықтан осы біздің жылу орталығының күш-қуаты 175 МГВатт-қа дейін көбейеді және жылу 70 тоннаға дейін артады. Бұл соңғы жоба емес, алдымызда әлі жақсы-жақсы жобалар болады. Президенттің жолдауы бойынша Қазақстанды көркейтуге үлес қосамыз.

Айта кетейік, «Ақтөбе Жылу Электр Орталығы» АҚ қаладағы тарихы терең мекемелердің бірі. Келер жылы ұйым 80 жылдығын атап өтпек.

Әнуарбек Мырзатайұлы, Айнадин Молдабеков