Жезқазған - Петропавл жолын жөндеу баяу жүріп жатыр

Жезқазған-Петропавл бағытындағы жолды жөндеуге қаражат қолбайлау.

Бұл тас жол «Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына енген. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мамандарының айтуынша, бұл бағыттағы 1 шақырым жолға шамамен 500-600 млн теңге ақша керек. Ал Жезқазғаннан Петропавлға дейінгі қашықтық 900 км төңірегінде. Сайып келгенде екі қала арасындағы тас жолды тақтайдай етуге 500 млрд теңгеден астам қаражат қажет екен. Оның үстіне битум да тапшы.  Сондықтан жөндеу жұмыстары кейінге шегерілді. Сонымен қатар «ҚазАвтоЖол» өкілдері биыл жол төсеуге қажетті материалдардың қымбатшылығы мен дизель отын тапшылығына байланысты кей жұмыстар жыл аяғына дейін толық іске аспайтынын мәлімдеді.

Ерлан Қалымов, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ сыртқы қарыздар департаментінің директоры:

- Ең бастысы, бізде Қандыағаш-Мақат және Балқаш-Бурылбайтал автожолдары тапсырысқа беріледі. Бәрі емес. Яғни оларды кезек-кезегімен үлкен участиоктан қолданысқа береміз. Қалғаны келесі жылға, 2023-2024 жылға қарай беріледі. Бұл құрылыс жұмыстарының баяу себебі ең алдымен республикамыздағы битім тапшы болып отыр. Август айында біз 80 мыңға жуық битум тапсырыс бергенбіз. Бізге август айының соңына қарай 60 мыңдай битум берді. Сондықтан біраз жұмыстар баяу жүріп жатыр.