Елде зейнетақы мөлшері артады

Бірінші кезекте базалық зейнетақы мөлшерін және ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін ең жоғары табысты ұлғайту көзделген.

Бұл алдағы 3 жыл ішінде жиынтық зейнетақыны орта есеппен 109 мыңнан 138 мың теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Осы кезеңде базалық зейнетақы мөлшері шамамен 51 пайызға дейін өседі. Жыл сайынғы өсім көрсеткіші 13 пайыз болып, барлық 2 млн зейнеткерді қамтиды. 2023 – 2027 жылдар аралығында ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін кезең-кезеңімен ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан 70%-ке және ең жоғары мөлшерін 100-ден 120%-ке дейін жетеді. Келер жылдан бастап зейнетке шығатындар үшін ынтымақты зейнетақыларды есептеу мақсатында пайдаланылатын ең жоғары табыстың шамасын 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін молайту жоспарланған. Осылайша, мемлекет қарт адамдар арасында кедейліктің өсуіне жол бермейді.