Атырауда мұнай-газ саласының қызметкерлері марапатталды

Атырауда мұнай-газ саласының қызметкерлері мен осы салада талай жыл тер төккен ардагерлер марапатталды.

«Ембімұнайгаз» компаниясының 100 жылдығына орай өткен салтанатқа Премьер-министр Әлихан Смайылов қатысып, жұмысшыларға түрлі санаттағы мемлекеттік наградаларды тапсырды. Ол құттықтау сөзінде Қазақстан тарихындағы мұнай өндірісінің бастау бұлағы саналатын кәсіпорынның мерейтойы атаулы шара екенін айтты. Қарашұңғылда табылған «қара алтын» еліміздің брендіне айналды. Ембі геологтары Қазақстанның батысындағы ірі мұнай кен орындарын ашуға елеулі үлес қосты деді Әлихан Смайылов:

- Ембімұнайгаз қазақ мұнайының қара шаңырағы. Бір ғасырлық тарихы бар көне кәсіпорын қаншама даңқты мұнайшылар әулетін тәірбиелеп, мыңдаған кадр даярлап шығарды. Жер қойнауындағы қазба байлақты іздеуден бастап, оны игеру мен дамыту мол терең білім мен табандылықты талап етеді.