Кешелі бері елорданың атауын Астана деп қайтару ұсынысы ел ішінде қызу талқылануда

Бұған қатысты Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр да өз ойын білдірді. Оның айтуынша, бұндай бастама қоғам арасында бұрыннан көтеріліп келеді және оған назар аудару қажет. Дегенмен, бірінші вице-премьер өзіне елорданың қандай атауы ұнайтындығын ашып айтпады. Әзірге күте тұру керек  деп қысқа қайырды.

Роман Скляр, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:

- Мұндай идея шыныменде ел арасында бұрыннан айтылып келе жатыр. Енді ұсынысты Жаңа Қазақстан депутаттық тобы кеше қарауға енгізді. Енді қоғам арасында талқыланып болғаннан кейін, Парламентте қаралады деп ойлаймын.