Мемлекеттік қызметкерлер диплом алды

Мемлекеттік басқару академиясынан тағы бір топ білім алып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұзын-ырғасы 26 түлекке бүгін диплом табысталды. Магистранттар арасында бір тәжік азаматы бар. Академияда күндізгі оқу мен қатар модульдік білім беру жүйесі бар. Бұл арқылы өңірлерде қызмет ететін азаматтар жұмыстан, өндірістен қол үзбестен білім алады. Бүгін осы модульдік оқыту бойынша «өңірлік даму» және «мемлекеттік басқару» деген екі бағдарламамен оннан астам адам магистр дипломын алды.