Қостанай облысындағы өртпен күреске әскерилер жұмылдырылды

Қостанай облысындағы өртпен Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері де күресіп жатыр.

Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып, елордадан әскери-көлік авиациясымен 120-дан астам десант барды. Сондай-ақ халықты қауіпсіз жерге көшіруге  көмектесетін жергілікті аумақтық қорғаныс бригадасының тұрақты құрамының 45 әскери қызметшісі келді. "Шығыс" өңірлік қолбасшылығынан 31 арнайы техникасы мен 38 сарбазы жіберілген. "Астана" өңірлік қолбасшылығынан шамамен 10 арнайы техника жөнелтілді. Бұған қоса арнайы өрт сөндіру жүйелері бар 4 жауынгерлік тікұшақ жұмылдырылған.