loader

Алапат өрттен зардап шеккендерге бүкіл ел қол ұшын созды

Алапат өрттен зардап шеккендерге бүкіл ел қол ұшын созды

Алапат өрттің зардабын тартқан әулиекөлдіктерге бүкіл ел болып көмектесіп жатыр.

Алғашқы күннен-ақ азық-түлік, киім-кешек, басқа да қажетті заттар тиеген көлік легі толастаған емес. Мекеме, қоғамдық ұйымдардан тыс жеке адамдар да барын әкеліп жатыр. Бұл игі іске этномәдени бірлестіктер түрлі  қауымдастықтар өз үлестерін қосты. Әр өңірден келген еріктілердің де еңбегі ұшан-теңіз. Үй-күйсіз қалған жандардың қасынан табылып, олардың жайлы орналасуына көмектесіп жүр. Әулиекөл ауданының тұрғындарына алғаш болып қол ұшын созғандардың бірі еріктілер.

Айбек Таңатбаев, ерікті:

- Жастарға хабарлама жібердік әлеуметтік жарияға.Санаулы 20-30 минуттың ішінде келіп, дүкендердің бәрін аштыртып, сол уақытта азық-түлікті жинап, бір кісідей ат салысып,/скл/осы сауапқа іске қол ұшын берді. Жүзге жуық отбасыға 15 түрлі азық-түлік алып келдік.

Сондай-ақ...