ҚР АШМ: Қостанайдағы орман өрті елдің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етпейді

Қостанай облысындағы өрт елдің азық-түлік қауіпсіздігіне және экспорттық уағдаластықтардың орындалуына кері әсерін тигізбейді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ведомствоның ақпаратына сай ауыл шаруашылығы дақылдары зардап шеккен егістіктер аз. Алқаптардың жаппай өртенуіне жол берілген жоқ. Өңірдегі табиғи апат салдарынан Қарабалық ауданында 15 гектер дәнді дақыл және 2 гектар аумақта зығыр дақылдары жанып кетті. Меңдіқара ауданында 1 гектар астық алқабы жойылған.

Айта кетейік, биыл аймақта 1,8 млн алаңының 45,3% жиналды.