Орманға от қойғандарға ауыр жаза белгіленді – ІІМ

Орман ішінде қасақана от қойып, немесе жасыл желекке зардап келтіргендерге қатаң жаза қолданылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстанның ішкі істер министрлігі таратқан ескертуде бұның ауыр қылмыстар қатарына жататыны айтылған. Қылмыстық Кодекстің 341-бабына сәйкес орманды әдейі өртегендер 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Оған қоса дүние-мүлкі тәркіленеді.

Ермек Шөлден, ҚР ІІМ тергеу департаметінің басқарма басшысы:

– Орман және тоғайдағы ағаштар мен бұталарға от қойып немесе басқа да жолдармен оларға зиян тигізу, сонымен бірге зиянды қалдық төгу – бұның бәрі қылмыстық кодекстің 341-бабы бойынша ауыр жаза саналады. Қылмыскерлер 8 жылға қамалып, дүние-мүлкі тәркіленеді.