Қазақстан үкіметі Германияға 800 инвестициялық жоба ұсынуға дайын

Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропа елінің экономикалық делегациясымен кездесуде айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін біздің ел шетел инвесторларына барлық жағдай жасауға дайын. Алдағы уақытта тараптар энергетика, өнеркәсіп, ауыл шарушалығы, логистика, білім және ғылым салаларында ынтымақтастық орнатпақ. Неміс бизнесмендері Транспкаспий дәлізін дамытуға да өз үлесін қосуға ниет білдірді. Президенттің айтуынша, қазір елде неміс капиталы бар 600 компания жұмыс істейді. Сол себепті екіжақты сауда жүргізудің әлеуеті зор,- деді ол. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Германияның техникалық салаларда маман даярлауына үлкен қызығушылық танытты. Қазір біздің елде неміс институттары мен зертханаларының өкілдіктерін ашу мәселесі қарастырылып жатыр.