loader

2024 жылдан бастап балалардың шотына аударылатын қаражат доллармен сақталады

2024 жылдан бастап балалардың шотына аударылатын қаражат доллармен сақталады

2024 жылдан бастап балалардың шотына Ұлттық қор есебінен аударылатын қаражат доллармен сақталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

18 жасқа толғанға дейінгі жалпы жинақ көлемі әр баланың жобаға қатысу жылынан бастап есептеледі. Сонымен қатар, министр жыл сайын «Самұрық-Қазына» қорының таза кірісінің кемінде 7%-ін «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аудару көзделіп отырғанын айтты. Қазір бұл бастамалар егжей-тегжей пысықталып жатыр. Тиісті құжатты жыл соңына дейін қабылдау жоспарланған.

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Қазір барлығы есептеліп жатыр. 2024 жылдан бастап бала жүйеге неше жыл қатысады, 1 жыл ма әлде 5 жыл ма осыны ескеру қажет. Бала туған кезден бастап жүйеге қатысуы мүмкін. Сондықтан сәйкесінше жинақ сомасы әр түрлі болады және ол доллармен сақталады.

Сондай-ақ...