Шымкентте экология мәселесі ушығып тұр

Шымкентте экология мәселесі ушығып тұр

Шымкенттегі қоқыс полигоны экологиялық-санитарлық талаптарды айналып өтіп, заңбұзушылықтарға жол бергені белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізген экологтар осылай мәлімдеп отыр. Мекеме қалдық үйінделерін көму мен оны жою жұмыстарын жүйелі атқармаған. Салдарынан тұрғындардан арыз-шағым көбейді. Ауа қабатын қою түтін басып, қолаңса иіс қолқаны қапты. Мекеме үш бірдей әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 миллион теңгеден астам айыппұл арқалады. Бірақ бір жұма ішінде төлем жүргізсе жарты бағасын жеңілдікпен өтей алады. Сондай-ақ, экология департаментінің мамандары қала көшелеріндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдаушы компанияларға қатысты да тексеру жүріп жатқанын айтады.

Ермахан Қозыбаев, қалалық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы:

– Біздің лабараториялық мониторинг жүргізу барысында полигон аумағында білгіленген шектен асу фактілері анықталған. Соның негізінде тексеру жүргізілді. Сонымен қатар нұсқама берілді. Нұсқаманың уақыты өткен жағдайда егер орындамаса қайтадан тексеру жүргізіп, ҚР әкімшілік кодексі бойынша сотқа жолданады.