Риддердегі жылу орталығының жабдығы әбден тозған

Шығыс Қазақстанда жаз бойы Риддердің коммуналдық саласы туралы мәселе тым жиі көтерілді. Тіпті бұл сұраққа өңір басшылығын былай қойғанда Энергетика министрлігі де араласып, шаһарға арнайы комиссия да келіп кетті. Мамандарды толғандырған қандай жағдай?

Эльмира Ахметова, тілші:

- Риддер бүгінгі күні коммуналдық мәселесі әбден ушығып тұрған қала. Өйткені соңғы уақытта мұндағы жылу электр орталығының шаруасы шатқаяқтап кеткені рас. Жабдықтары 90 процент тозған. Оның үстіне коммуналдық мекеме бір жылдан соң қызметінің 70 процентін  сатып алатын ең алпауыт тұтынушысынан айырылғалы отыр. Ендеше шаһарда биылғы жылу маусымына дайындық қандай, біз соны білуге тырыстық.

Сонымен бар  гәп Риддер қаласындағы жылу электр орталығында. Әу баста облыс әкімі осы мекемеге министрлік тарапынан кезектен тыс тексеріс жүргізілуін сұраған еді.Жабдықтарының 90 проценті тозған. Апат жиілеген. Кәсіпорын басшылығы жөндеуге қаражат таппадық деп қарап отырған. Ақыры жергілікті биліктің кірісуіне тура келді. Бюджеттік мекемелердің жыл соңына дейінгі жылу ақылары  «алғытөлем» ретінде ерте төленді. Осылайша 90 миллион теңге көмек берілді. Жылу орталығының дайындығын энергетика вице-министрі жеке бақылауға алды.

Жандос Нұрмағанбетов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

- Қаражат табылған сияқты. Өйткені  ағымдағы жөндеу жұмыстарының істелгені байқалып тұр. Енді барлық күрделі жөндеу жұмыстарының уақтылы әрі сапалы аяқталуын күтеміз.Шешілмеген сұрақтар жетерлік.

Шешілмеген сұрақтардың бірі тұрғындардың жылу  мекемесі алдындағы  берешегі. Ол сома - 200 миллион теңге шамасында. Отын мәселесі де әзірге оңып тұрға жоқ. 9 мың  тоннаға жуық қана көмір әкелінген.

Мұрат Байжүменов, Риддер қаласы әкімінің орынбасары:

- Жалпы айтқанда 8 мың 800 тонна көмір  жиналып жатыр,  20 сентябрьге дейін 20 мың тонна дейін көмір жинау керекпіз. Қазіргі уақытта үйлердің дайындығы 53 процент 230 үй ғана дайын.

Қазандықтар ретімен ағымдағы және күрделі жөндеулерден өтіп жатыр. Жылу маусымы басталғанша үлгереміз деп отыр мамандар. Ал Риддер жылу электр орталығының «тұтынушылары тізімінен» алпауыт өндірістік мекеменің шыққалы жатқаны әлі өзекті әңгіме. Бұл тек коммуналдық саланың ғана емес, тұрғындардың да алаңдаушылығын тудырып отыр.

Блиц:

- Өндіріс орны өзі бөлек кеткелі жатыр екен деп естідім. Енді 2 әрі қарай не болар екен.Қатты алаңдап жүргеніміз рас. Дегенмен, биліктегі адамдар жағдайдың ушығуына жол бермес деп сенеміз.

 - Өткен жылы да жылу орталығы тоқтиайды деп еді.Жақсы жұмыс істеп шықты.бәрі жақсы болар.

Жалпы облыста қазыр жылу маусымына қам жоғары.Күн сайын 160 вагон қатты отын жеткізіліп жатыр. Ал бір айдан кейін бұл көрсеткішті 220-ға жеткізу жоспарланған. 

Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов