Дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі дінаралық дипломатия үшін маңызды

Жаһандық қауіп-қатер, терроризм, лаңкестермен күресіп, бір ұстанымда болуы үшін саясаткерлер мен діни көшбасылардың тұрақты кездесуі өте қажет.

Сондықтан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 7-съезі дінаралық дипломатия үшін аса маңызды. Вашингтондағы өркениеттер алмасуы және ынтымақтастық қорының президенті Имам Мохамад Башар Арафат осылай деді. Басты мәселе жаңа өсіп келе жатқан көшбасшыларды қалай тәрбиелейміз? Қандай бағыт бағдар сілтейміз, дейді америкалық сарапшы. Жас қайраткерлер дін аралық дипломатияны терең түсініп, діндер арасындағы татулықты қалыптастыру үшін, осындай отырыста нақты істермен көрсетеміз, деп отыр.

Өркениеттер алмасуы қоғамдық қорының негізін қалаушы Имам Мохамад Башар Арафат съездге қатысу үшін елордамызға арнайы келеді. Маңызды жиын әлемді бейбітшілікке үндеп ғана қоймай, діндер арасындағы татулықты сақтап, үйлесімді байланыс орнату үшін қажет. Әсіресе қоғамға іштей һәм сырттай зиянын тигізетін  соғыстар мен қақтығыстарға қарсы тұру жолын іздейдін таптырмас бас қосу болмақ. 

Имам Мохамад Башар Арафат, Өркениеттер алмасуы және ынтымақтастық қорының президенті: 

- Бұл өте маңызды шара. Өз уақытында әлемдегі геосаяси жағдай күрделенген, қауіп-қатер күшейген тұста, яғни өте қажет кезде өткелі тұр. Украинадағы, Африкадағы соғыс, Таяу шығыстағы қақтығыстар болып жатқанын көріп отырмыз. Осы тұрғыда съезд миссиясы бейбітшілікке шақыру ғана емес әрі сонымен қатар жаңадан танылып келе жатқан жас діни қайраткерлерге осындай күрделі мәселелерді қалай шешуге болатынын үйрету үшін де маңызды. Жастарға, әйелдерге, саясаткерлерге осы бағыттағы бағдарламаны жасауға жол сілтеу. Қазақстанда өтетін съезд пандемиядан кейін дін көшбасшыларының алғаш рет бас қосып, бетпе-бет отырып күрделі мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.