loader

Павлодарда билік тұрғындарды жылу маусымына ертерек қамдануға шақырды

Павлодарда билік тұрғындарды жылу маусымына ертерек қамдануға шақырды

Павлодарда қала билігі тұрғындарды жылу маусымына ертерек қамдануға шақырып отыр.

Өңірде көмір қоры жеткілікті. Қатты отынның шамамен 10 мың тоннасы әзірленген. Бағасы тасымалданатын жердің қашықтығына қарай 8 мыңнан 20 мың теңгенің айналасында саудаланып жатыр. Жылу маусымына жауапты сала басшыларының айтуынша, алдағы қыста көмір тапшылығы туындамайды. Облыс бойынша әлеуметтік мекемелердің барлығы дерлік тапсырысты жеткізушілермен келісім-шартқа отырды. Көмір кестеге сай тасымалданып жатыр. Естеріңізге сала кетсек, былтыр Ақтоғай ауданында жауапсыз мердігерлердің кесірінен ауыл мектебінің жылу жүйесі істен шыққан еді. Салдарынан оқушылар қыс мезгілінде қашықтан оқуға мәжбүр болған.

Асхат Жақыпов, энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– Қатты отынды жеткізуге байланысты келісімдер толыққанды бекітілді. Көмірді жеткізумен айналысатын компаниялар кеніштермен жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі таңда барлық келісімге қол жеткізілді.

Сондай-ақ...