Іскер қыз-келіншектер бас қосып, тренинг-воркшопқа қатысты

Іскер қыз-келіншектер бас қосып, тренинг-воркшопқа қатысты

«Томирис» жобасы аясында ұйымдастырылған жиынға «Әйелдердің саяси көшбасшылығы» тақырыбы арқау болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Қазақстанның әр өңірінен келген 30 қатысушы саясатқа араласудың қыр-сырын үйреніп жүр. Ақпараттық оқыту бағдарламасы нәзік жандардың әлеуметтік және саяси сауатын арттыруға бағытталған. Жаттықтырушылар мен сарапшылар құрамы да жасақталды. Айта кеткен жөн, «Томирис» жобасы  Президент жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйытқы болуымен жүзеге асырылып жатыр.

Бахаргүл Төлеген, «Томирис» жобасының қатысушысы:

- Кешеден бері отандық және шетелдік жетекші мамандардың қатысуымен сабақ курстары өтіп жатыр. Жақсы әсерде болдым. Бұл қаладағы және ауылдағы табысты әйелдердің өзінің іскерлік қабілеттерін арттыруға арналған табысты жоба деп ойлаймын.

Данияр Мұқитанов, Amanat партиясы Саяси менеджмент академиясының директоры:

- Нәтижесінде осы әйелдер біздің ойымызша келесі жылы әр түрлі мәслихаттарға, мүмкін Мәжіліске, басқа лауазымдарға сайланатын болса, онда біздің жұмысымыз нәтижесі болады деп санаймын.