Банкротқа ұшыраған азаматтарға әлеуметтік кепілдік беру мәселесі көтерілді

Елімізде банкротқа ұшыраған борышкерлердің кепілге қойған баспанасын екінші деңгейлі банктер басы бүтін алмауы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал алған жағдайда кішігірім әлеуметтік үйлер немесе баламалы баспаналар қарастырылуға тиіс. Мұндай ұсыныс Ақжол партиясының, Үкімет мүшелерінің, Ұлттық банк пен өзге де жауапты мекемелердің өкілдері қатысқан дөңгелек үстел кезінде айтылды. Жиын барысында жеке азаматтардың банкроттығы туралы заң жобасы талқыланды. Негізгі мақсат -  қиын жағдайға түсіп банкротқа ұшыраған азаматтарға әлеуметтік кепілдік беру. Бұл бағытта арнайы заң жобасы әзірленген. Алайда ақжолдықтардың айтуынша партия қойып отырған талап орындалмай тұрған ұқсайды.