Атырау облысында сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа картасы іске асырылады

Атырау облысында сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа картасы іске асырылады.

Бұл жергілікті атқарушы билік пен бұқара арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етуге тиіс. Бүгінде жемқорлыққа қарсы іс-қымыл қызметі мен облыстық қоғамдық кеңеске тұрғындар тарапынан шағым көптеп түседі. Себебі өндірісті өңірдің экологиялық ахуалы, Жайық өзенінің тағдыры мен халық денсаулығы өзекті мәселеге айналып отыр. Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жауапты басшыларымен өткен  облыстық активте осындай келелі мәселелер талқыланды.

Атырау тұрғындарын алаңдататыны «Атырау-Астрахань автомагистарлінің құрылысы болып отыр. Жобалық құны 56 млрд теңгеден асатын мемлекеттік маңызы бар жобаның жұмысы баяу. Бұл өз кезегінде облыстың көлік қатынасын қиындатып отыр. Сондай-ақ күн санап көбейіп келе жатқан өндіріс орындары өңірдің экологиясына зор залал келтіріп, тұрғындар арасында аурушаңдық белең алған. Оны тиянақты емдейтін медицина саласында проблема көп. 

Саян Ахметжанов, ҚР СЖҚІҚА Превенция қызметінің басшысы:

- Облыста балалар өлімі көбейіп кеткен. 2021 жылы ауруханаларда 48 сәби шетінеді. Оның себебі, дәіргерлерді жұмысқа қабылдаудағы сыбайластық пен медициналық мамандардың жетіспеушілігінен де болып отыр. Бүгінде облыста 227 маман дәрігер қажет. болса, оның 90-ы ауылдық жерлерге тиесілі.

Жыл басынан бері Атыраудың әлеуметтік мәселелеріне қатысты облыстық қоғамдық кеңеске 104 шағым түсті. Оның 80-нен астамы қанағаттандырылыпты. Қалған ұсыныстар қаралу үстінде. 

Максим Ізбасов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы:

- Бұл мәселелерге немқұрайды қарай алмаймыз. Себебі қоғамның коррупциялық қызметіне талабы өте жоғары. Қоғам өте белсенді қызмет атқарып келе жатыр. Мелмекет басшысының қойған коррупцияға қарсы бағыттағы тапсырмалары жөнінен облыстық қоғамдық кеңес мүшелері өз үлестерін қосады. 

 Актив жиналысында көтерілген тағы күрделі мәселе Жайық өзенінің суын тиімді пайдалануға арналды. Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мамандары ертең өңірдегі ірі су пайдалауншы компаниялармен кездеседі. Талқыланған мәселелердің шешімін табу үшін облыста жемқорлықпен күрес картасы жасақталады.

Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин