Qazaq Oil компаниясы кезекті станцияда ребрендинг жасады

Үш жыл бұрын «ҚазМұнайГаз»-дан жанар-жағармай құю бекеттерінің желісін сатып алған Qazaq Oil компаниясы кезекті станцияда ребрендинг жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы елорданың төрінде орналасқан бекет өз есігін айқара ашты. Енді Qazaq Oil деп аталған станция бұрынғы клиенттеріне жоғары сапада қызмет көрсетуге толықтай дайын болып отыр.

Мереке Жұматов, қала тұрғыны:

- Жаңа үлгіде салынған. Қызметтің барлық түрлері бар. Дүкеннен де заттар алуға болады.

Айта кету керек,  елордада Qazaq Oil брендімен бірінші жанар-жағармай құю бекеті 2020 жылдың күзінде ашылған болатын. Ал қазіргі таңда ел бойынша олардың саны 200-ге жетіп отыр.

Төлеміс Шотанов, Qazaq oil бас директоры:

- Біз жалпы реконструкция жасадық. Реконструкция болған кезде бәрін жаңарттық. Колонкалар жаңадан, резервуарлар жаңадан және де мінекей ішіндегі жалпы көлемі көбейтілді қазіргі таңда.

Біздің негізгі ой, негізгі мақсат жаңа стандартқа алып келу.

Жалпы бір ғана бекетті ребрендингтен өткізу үшін 200 млн теңгеге жуық ақша кетеді екен. Екі жыл ішінде компания бұл іске 39,2 млрд теңге қаржы жұмсапты.

Владислав Воднев, қала тұрғыны:

- Мен осы маңда тұрамын әрдайым осы станцияда бензин құятынмын. Бекет уақытша жұмысын тоқтатқанда алаңдап кеттік. Себебі, станция мүлдем жабылады деген хабар тарады. Енді жаңа атаумен ашылғандығына қуаныштымын.

Бұдан бөлек компания Qazaq Oil франшизасын да өзгелеріне ұсынып отыр. Қазіргі таңда 7 серіктестік жаңа брендпен өз бекеттерін ашқан екен. Биыл тағы 12-сі қосылады деп жоспарланған.

Авторы: Риат Шони

Сондай-ақ...