«Хабар» агенттігі жаңа телевизиялық маусымның тұсауын кесті

Жаңа маусымда «Хабар» агенттігі көрерменге 100-ден аса жаңа жоба ұсынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде тәрбиелік һәм танымдық мегажобалар да бар. Ақпарат ағымының да аясы кеңейеді. Сонымен қатар сараптамалық хабарлар, деректі фильмдер, сериалдар мен интелектуальды викториналар және жастар мен балаларға арналған жобалар көрерменге жол тартады. Биыл 10 жылдығын атап өткен «Хабар 24» арнасы нон-стоп режимінде жұмыс істеуді бастап кетті. Дәл қазір агенттік «Қазмедиа» орталығында ресми түрде жаңа маусымын ашып жатыр. Жиында жаңа жобалар жо, ақпарат аламанының жүйріктері марапатталды.