Ақтөбе облысының жүк көлік жүргізушілері Қостанай облысына көмек жіберді

Ақтөбе облысының жүк көлік жүргізушілері алапат өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға гуманитарлық көмек жіберді.

Азық-түлік, тұрмыстық зат және өзге де бұйымдар тиелген онға жуық техника көрші өңірге аттанып кетті. Бастама көтерген көлік иелерінің ұсынысына қарапайым тұрғындар мен кәсіпкерлер де үлес қосқан. Нәтижесінде, күзгі егін орағына кіріскен дихандар көкөніс тиеген. Қаражат және мал бергендері де бар.

Мәлік Шужин, көлік жүргізуші:

- Мал апарайын деп жатырық жан-жақтан шыққан. Ақшалай көмектерін беріп жатыр. Бәрі халықтың тапсырған аманатын мойнымызға алып, Ақтөбе қаласының газелистері болып сол аманшылықта жеткіземіз.