loader


«Хабар» командасы BAQ Liga-да жеңіске жетті

«Хабар» командасы БАҚ лигасының 8 дүркін чемпионы атанды. Шілде айында басталған БАҚ өкілдері арасындағы шағын футбол жарысы бүгін қорытындыланды.

Оған 200-ге тарта ойыншы қатысты. Барлық кезеңнен сүрінбей өтіп финалға шыққан «Қазмедиа» мен Хабар командасы бүгін өзара мықтыны анықтады. Тартысты  жарыста хабарлықтардың бабы мен бағы қатар жанып 4:1 есебімен жеңіске жетті. Ал үшінші орын «Мета рейтингс» командасына бұйырды. Айта кету керек, турнирдің биылғы маусымы «Хабар24» телеарнасының 10 жылдығына арналды.

Нұрсұлтан Құрман, «Хабар» командасының капитаны:

- 2014 жылдан бері Хабар командасы жасақталған.  Бұл жерде ұрпақ сабақтастығы бар. 2-3 жыл сайын ауысып тұрады. Биылғы маусымда жеңейік деп бар күшімізді , құрамымызды жасақтадық. Өйткені дәл осы кубокты біз жеңіп алсақ кубок бізде мәңгілікке қалатын болды. 

Эльдар Бақпаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ атқарушы директоры:

- Бақ лиганың 11 маусымына 14 команда қатысып өзара кім мықтыны анықтады. Сол 14 команданың арасынан оқ бойы үздік шығып өзін дәлелдеп шыққан хабар агенттігі. Бүгінгі ауызбіршілік, агенттіктегі қызметкерлеріміздің өзі спорт десе қандай ынта-жігерін өздеріңіз байқадыңыздар.

Сондай-ақ...