Сыр бойының шаруалары күріш алқабын бес мың гектарға қысқартуға мәжбүр болды

Себебі өзен деңгейі тағы төмендеп кетті. Сырдариядан Көкаралға түсіп жатқан су көлемі  соңғы 3-4 жылда 3,5 миллиард текше метрге азайған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан Сырдарияның суын үнемдеп пайдалануды үйрену керек,-дейді мамандар. Ол үшін жаңа технологиялырды енгізу маңызды. Суды өлшейтін мекемелер әлі де болса ескі әдісті пайдаланады. Оның дұрыс-бұрысына көз жеткізу қиын. Тіршілік нәрін бейберекет пайдалану жағдайлары тиылар емес.  Көрші елдермен келісім негізінде Сырдариямен келетін  суға қатаң бақылау болмағаннан кейін, ысырапқа жол берілетіні рас.  Осы ретте, суармалы суды пайдалану тарифін қайта қарауды ұсынамын,-дейді су шаруашылығы саласының ардагері Дәулетияр Баялимов.

Дәулетияр Баялимов, техника ғылымдарының кандидаты:

- Дүниежүзінің тәжірибесіне қарағанда 13 мыңнан 28 мың текше метр су гектарына пайдаланады күріш. Бізде 40-қа дейін барады. Өйткені оны тексеріп жатқан, неге кетіп жатқанын ол судың ешкім бере алмайды. Сондықтан норматив бойынша мынша су керек па күрішке, сол суды беру керек бір тарифпен. Одан артық алдың ба суды, свет сияқты басқа бағамен беру керек. Қымбаттату керек оны. Сонда суды үнемдейді. Онсыз теңгемен ұрмасаң ол нәрсе келмейді.