Автокөліктің қала экологиясына әсері. LIVE

Алматыда қазір кептеліс уақыты болады. Ірі мегаполис ең ұзақ кептелістерімен танымал.

Қаладағы көк түтін осы көп көліктің салдары ма? әлде ауаны ластайтын біз білмейтін басқа факторлар да бар ма?  Бұл туралы "Казэкология" сынақ және талдау зертханасының бас маманы Сұңқар Жолдыбаевтан сұрап көрейік.

- Қазір қаладағы ауаның сапасы қандай? Өлшеп көрдіңіздер ме?

- Дұрыс айтасыз, қазір ауаның ластануын өлшейтін әртүрлі индексктер жұмыс істейді. Ауасы ластанған аймақтар тізімінде еліміздің көптеген қалалары бар. Сол тізімде өндіріс ошақтары аз шаһарларды да көруге болады. Бұл көліктен таралған улы газдардың әсері ме? Әлде жалпы экологияның нашарлап жатқанын білдіре ме?