Алматы облысының кәсіпкерлері Әулиекөлге кірпіш жөнелтті

Алматы облысының кәсіпкерлері Қостанай облысындағы өрттен зиян шеккен ағайынға әлі де көмегін беріп жатыр.

Бүгін кәсіпкердің бірі үш жүк көлігіне газдыблок тиеп, өңірге жөнелтті. Тауардың жалпы құны бес миллион теңгеге таяу. Бұл кірпіш бірнеше үйдің қабырғасын көтеруге жетеді. Көмек бұл ғана емес. Осы кірпіш зауытында еңбек ететін 130 жұмысшы бір күндік жалақысын аударды. Құрылыс материалдарын тиеген жүк көліктері 2 мың шақырымдағы Әулиекөл ауданына үш тәулікте жетеді. 

Тоқан Ботабеков, кәсіпкер:

- 120 шаршы метр бір үйге деп есептегенбіз. Онда 120-дан есептегенде 4 үйге жететін құрылыс материалын беріп отырмыз. Бұл автокладтан шыққан газаблок тез салынады. Бір жағынан жылы, екінші жағынан суық өткізбейді, жылыны іштен сыртқа шығармайды.