«Ауыл аманаты» ақпараттық марафоны аяқталды

«Amanat» партиясының 40 күндік «Ауыл аманаты» ақпараттық марафоны аяқталды.

Бұл іс-шараның мақсаты ауыл тұрғындарының табысын, әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру. Үкіметпен бірлесіп жүзеге асырылған жоба аясында мобильді топтар 425 елдімекенге барып, 250 мыңға жуық адаммен кездескен. «Ауыл аманаты» жобалық кеңсесі хатшылығының басшысы Нұркен Шарбиевтің айтуынша, ауыл және қала тұрғындарының ақшалай табысының айырмашылығы 38% пайыз. Саяси ұйым қолға алған жоба осындай олқылықтардың орнын толтыруды көздейді. Осы ретте партиялықтар жобаның мақсаты мен міндетін түсіндіру үшін кең ауқымды 40 күндік ақпараттық марафон өткізген.

Сондай-ақ...