Шымкентте санитарлық талапты сақтамаған мектептерден 22 миллион теңге айыппұл өндірілді

Өткен оқу жылында білім беру ұйымдарына 139 әкімшілік жаза тағайындалған. Тексеру кезінде кабинеттерге дезинфекция жүргізілмегені,өзге де санитарлық талаптың сақталмағаны  анықталған.

Қоқыс жәшіктері де дұрыс қойылмаған.  Бұл ретте санитарлық мамандардан жасақталған топ жоспарлы тексеру жүргізілген. әрі ата-аналардан шағым түскен.. Жаңа оқу жылында мұндай олқылықтарға жол бермес үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ал әкімшілік айыппұл төлегендер 91 бір мектептің қызметкерлері. 

Алдарқұл Ахметов, қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Оның ішінде 85 жеке тұлғаға, 54 лауазымды тұлғаға салынды. Айыппұлдардың барлығы толық өндірілді. Бір жылдың ішінде қайта әкімшілік шаралар көрілетін болса, егер бала денсаулығына зиян келетін болса, денсаулығына кері әсерін тигізетін болса, онда біз сот органдары арқылы шара көруімізге болады.