Қарағанды облысында көне құрандар көрмесі ашылды

Қарағанды облысы тарихи-өлкетану музейінің сөресіне осыдан екі ғасыр бұрын, яғни 1894 жылы жарық көрген құран кітаптары қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны музей мамандары Түркістан облысының бір тұрғынынан сатып алған. Мысалы «Диуани-Хафиз» кітабы діни мазмұндағы дастан болып есептеледі. Онда пайғамбарлар мен әулиелердің өмір жолы туралы құнды ақпараттар кездеседі. Кітап Ташкент қаласының баспасында жарыққа шыққан. Бұдан өзге Санкт Петербордағы кезінде әйгілі болған Петухов баспасынан шыққан құран кітабы бар. Бір өкініштісі қазір оны оқып – тәпсірлеп беретін мамандар жоқтың қасы.

Меруерт Орыспаева, музейдің бас қор сақтаушысы:

– Араб тілінде болғандықтан біз апарып, белгілі құранды молдаларға оқытуға тырысқанбыз. Олар айтты бұл көне ескі араб тілінде жазылған екен деп. Сондықтан бұған басқа ғалымдарды іздеу керек деді толық мәтінін білу үшін.